Bugin

Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаев қамауға алынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаев ұсталды. Антикор мәліметінше, ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген.

Ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады. 

“Растаймыз, ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді”, – деді агенттік өкілдері. 
Айта кетейік, Әлтаев 2019 жылы ақпанда "Нұр Отан" партиясының атынан Парламент Мәжілісінің депутаты болды, алайда 2020 жылы желтоқсан айында партиядан шығарылған еді.