Bugin

Абай облысында жасөспірім пышақ жарақатынан қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

6 маусымда облыстық балалар клиникалық ауруханасына су қоймасы аумағынан пышақ жарақатымен 13 жастағы жеткіншек түсті, ол медициналық мекемеде қайтыс болды. Бұл туралы Абай облысының полиция департаменті хабарлады.

"Анықталғандай, бұған жасөспірімдер сөзге келіспей қалып, арты төбелеске ұласқаны себеп болған. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада.

Полицияның мәліметінше, қақтығысқа қатысушылардың барлығы анықталған, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.