Bugin

Қызы анасының зейнетақысын алып отыру үшін оның денесіне бетон құйған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейде әйел зейнеткер анасының 100 мың рубль (500 мыңға жуық) зейнетақысын алып отыру үшін оның денесін бетондап тастаған.

Мәскеулік әйел анасы қайтыс болған соң зейнетақы енді берілмей қалады деп қорқып оның өлімі туралы еш жерге айтпаған. Сол себепті қарттың денесін үйдің жанына көміп, бетіне бетон құйған.

Ол таныстарына қарт ана қарттар үйінде деп өтірік айтып келген. Оқиға бір жылға дейін жалғасқан. Әйелдің бұрынғы жұбайы бір нәрсе дұрыс емес екенін сезіп, полицияға хабарласқан.

Ер адам әйелмен шамамен 20 жылдан бері бірге тұрмаса да, жылына бір рет ұлына барып тұрған. Ол бұрынғы қайын енесін соңғы рет бір жарым жыл бұрын көргенін, одан кейін әже мүлдем көрінбей кеткенін хабарлады. Ұлынан сұрай бастаған кезде де бала анасының сырын айтып қалған.

Жедел уәкілдер дене қалдықтарын тауыпты. Әйел қамауға алынды.