Bugin

Павлодарлықтар аптап ыстықтан тасаттық беріп, құрбан шалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Павлодарлықтар Құдайдан жаңбыр жаууын сұрау үшін тасаттық рәсімін өткізді. Бір апта бойы аймақта сынап бағанасы 36 градусқа дейін көтерілді. Бұл қалыпты температурадан 11 градусқа жоғары.

"Құлагер" ипподромында өткен жоралғыға 500-ге жуық адам жиналды.

 

Күн ысып, құрғақшылық болғанда тасаттық беріп жауын тілеу бұрыннан бар жоралғы. Бірнеше күннен бері ыстыққа шыдамаған Павлодар халқы ипподромға жиналып құрбан шалды. Бұл рәсім Кереку өңіріндегі бүкіл елдімекендерде өткізілген. Жиналған қауым шариғат талабына сай тасаттық намазын оқып, Құдайдан жаңбыр тіледі. 

"Шариғаттағы болған ұғым Пайғамбарымыздың сүннетіне сәйкес Мұстахап амалына жатады. Екі ракат жаңбыр сұрайтын намазды оқу. Ең бірінші, құрмалдық шаламыз да, намаз оқимыз. Сондықтан бұл амал, былайша айтқанда, сауап және жақсы жұмыс қатарына жатады". Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы.

Намаздан кейін облыс әкімі Асайын Қуандықұлының атынан арнайы шалынған қара малдың етінен 300 адамға  құрмалдық асы берілді. Ас дастарханы басында Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медрессе колледжі және «Мәшһүр Жүсіп-қарилар даярлау орталығынан» арнайы бағыштап  аударылған екі Құран хатым етіліп, дұға жасалды.