Bugin

БҚО тұрғыны досын өлтіріп, денесін өртеп, қалдықтарын ауласында жасырған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданы, Жаңа-Өмір ауылында ер адам өз досын жан түршігерлік жағдайда өлтірген. Ол алдымен сөзге келіп қалған досын пышақтап, кейін оның денесін өртеп, қалдықтарын бұталардың арасына жасырған.

 

Анық болғандай, екі дос алдымен алкогольдік ішімдік ішкен. Кейін арада кикілжің пайда болып, бірі екіншісіне пышақ сұғып алған. Жарақат алған адам оқиға орнында көз жұмған. 

Алайда айыпты мұнымен тоқтамай алдымен мәйітті өртеген. Кейін мәйіттен қалған қалдықтарды өз үйінің ауласындағы бұталардың арасына тығып қойған.

Сөйтіп өз істерімен айналысып біраз күн жүре берген.

Тек марқұмның туыстары оны іздеп полицияға хабарласқаннан кейін ғана іздестіру барысында сүйек қалдықтары табылады. Жауап алу кезінде ауыл тұрғыны кісі өлтіргенін мойындағанымен, бұл әрекетіне не себеп болғаны есінде жоқ екенін айтты. Енді ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Адам өлтіру" бабына сәйкес іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.