Bugin
Назарбаев Университетінің президенті лауазымынан кетіп жатқан Шигео Катсу өз шешіміне қатысты түсінік берді.
Бүгін Астана халықаралық форумында Шигео Катсу тілшілер сұрағына жауап берді. Осы орайда ол Назарбаев Университетінің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі ретінде қалатынын айтты.
"Мен осында қаламын. Атап айтқанда, оқу орнындағы өзге де кеңестерде қызметімді жалғастырамын", - деді ол.
ЖОО басшысы сонымен қатар лауазымынан не себепті кетіп жатқанын түсіндірді.
"13 жылға жуық осы лауазымда қызмет атқардым. Осыған дейін жүзеге асырмай, кейінге қалдырған біраз жұмысым бар еді, бұл жоспарымды іске асыруға кірісемін", - деді Шигео Катсу.
Назарбаев Университетінің ресми сайтында 2023 жылдың 15 маусымынан президент Шигео Катсу отставкаға кететіні жарияланған еді.