Bugin

Павлодар облысында макулатура тиеген жүк көлігі жанып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Павлодар облысында макулатура тиеген жүк көлігі өртенді. Зардап шеккендер жоқ.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқыс оқиға Павлодар ауданы маңында болған.

"Бұл жағдай туралы сағат 20:12-де хабарлама келіп түсті. Онда Павлодар ауданының маңында Жертұмсық ауылынан 28 шақырым жерде жүк көлігінің жанып кеткені айтылды. Көлікке қағаз қалдықтары тиелгені белгілі болды", - делінген хабарламада.

Құрбандар мен қаза тапқандар жоқ. Жүргізушіге медициналық көмек қажет болмады.

Оқиға орнына ТЖ департаментінен 4 қызметкер мен бір техника жұмылдырылды.

Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.