Bugin

Абай облысындағы өртті сөндіруге 300-ден астам адам, 4 тікұшақ тартылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Абай облысындағы өртті сөндіру жалғасуда. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті жоюға жәрдемдесуде.

Абай облысында өрт 2 мың га аумақты шарпыды. Тілсіз жау салдарынан үш ауыл тұрғындары эвакуацияланды. Орман өртін сөндіруге 300-ден астам адам, Төтенше жағдайлар министрлігінің 70 техникасы және 4 тікұшақ жұмылдырылған.

Тікұшақпен өрт ошақтарына су себу жалғасып жатыр. Қазірдің өзінде шамамен 30 тонна су себілген.

Қазір Бородулиха ауылындағы мектеп және колледжде эвакуациялық пунктер жұмыс істеп тұр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61