Bugin

Air Astana әуекомпаниясына 6,7 млрд теңге айыппұл салынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі көлік прокуратурасы органдарымен бірлесіп, Air Astana қызметіне тексеру жүргізген. Оған себеп - авиабилеттер бағасының үздіксіз өсуіне, әсіресе жоғары сұраныс кезеңінде (жазғы демалыс кезеңінде) қатты қымабаттауы халықтың ашуын тудырғаны.

Тексеру қорытындысы бойынша Эйр Астана іс-әрекеттерінде авиатасымалдар нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері әшкере болып, әрбір авиабилеттен жанармай алымын негізсіз алғаны анықталды.

2023 жылдың 8 маусымында Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық соты Эйр Астанаға қатысты 6,7 млрд. теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.