Bugin
Арман Жұмагелдиев азаптау дерегіне қатысты әскерилерге қарсы сотта жеңіске жетті.
Арман Жұмагелдиевтің сотта жеңгені туралы адвокат Олег Чернов хабарлады.
"Ол (Дикий Арман) азаптау және құқық қорғау органдарының өзге заңсыз әрекеттеріне қатысты сотта жеңе алды. Бүгін бұл туралы біліп, қатты қуанды. Заң ол үшін жұмыс істемейтінін, бірақ бүгін таңғажайып оқиғаның болғанын айтты", – деп жазды Олег Чернов.
Еске салайық, сотта Арман Жұмагелдиевке Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда 24 адамды ұрлады деген айып таққан еді. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, "Дикий Арманға" ҰҚК қызметкерлері тапсырма беріп отырған.