Спорт

Тарих жаңарды: "Манчестер Сити" чемпион атанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 «Манчестер Сити» өз тарихында тұңғыш рет футболдан UEFA Чемпиондар лигасының жеімпазы атанды.

Түркияның Ыстанбұл қаласындағы Олимпиада стадионында өткен кездесуде «Манчестер Сити» және «Интер» командалары шеберлік байқасты.

Ойын басынан ағылшын клубы тізгінді өз қолына алуға тырысты.

Жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Оған бірінші кезеңде италиялық футболшылар лайықты төтеп бере білді.

Екінші кезеңде «Манчестер Сити» басымдықты арттырды. Осындай сәттердің бірінде олардың қатарынан Родриго Эрнандес 68-минутта мергендік танытты.

Осылайша олар қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, өз тарихында тұңғыш мәрте UEFA Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.