Bugin
Абай ауданында тағы бір адам өртті сөндіру кезінде жоғалып кетті. Туыстары іздеуге көмек сұрап жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы oo_osa_semey_vko Instagram парақшасына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде 1987 жылы туған Архипов Сергей Николаевич есімді азаматтың Абай ауданындағы орман өртін сөндіруге көмектесу үшін кеткені хабарланды. Алайда, 9 маусымнан бері онымен байланыс үзілген.
«Іздестіру жұмыстарына көмек сұраймыз. Трактор нөмірі - F 937 ARE. Шақыру белгісі - «Марал 61». Ол Семей Орманының Долон бөлімшесінен шыққан өртті сөндіруге кеткен. Соңғы рет жақындарына 9-шы маусым күні хабарласқан. Содан бері одан ешбір хабар жоқ. Егер көрген, білген жан болса +7 771 582 2159 нөміріне хабарласыңыз», - делінген хабарламада.