Bugin

"Неге қате болжам жасалды?": Тоқаев вице-министрдің сөзін бөліп тастады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Жедел штаб отырысында Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Марат Күлдіковтің сөзін бөлді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Мен қызметінен босатқан министр өзінің тікелей қызметтік міндетін орындауға неге мүлдем немқұрайлы қарайды?! 14 адам қаза тапты. Сіз осыны түсінесіз бе? Мен олардың отбасыларымен кездестім. Бұл азаматтар өз отбасының перзенттері, отағасы болатын. Бір отбасында екі жасар бала жетім қалды. Адамдардың артында несиелері қалды. Олар отбасының жалғыз асыраушысы еді. Өрт бүкіл әлемде болады, бірақ ол жақта тиісті шаралар қабылданады. Министр келмеді, облыс әкімі тым баяу қозғалды, орынбасарларын жіберді. Жұмысқа деген қандай қарым-қатынас?! Осы жөнінде есеп беріңіз! Нақты сұрақ – неге қате болжам жасалды?", - деді Тоқаев.

Осыдан кейін вице-министр алапат өрт туралы баяндай бастағанда, Президент оны тоқтатып тастады. "Баяндамаңызды тоқтатамын, пайдасы жоқ. Өзекті емес ақпараттарды беріп отырсыз" деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған министрге адамдардың кәсіби жұмыс істемей жатқанын айтып, кадрлық мәселелерді қайта қарауды тапсырды.