Спорт

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте үшінші орынға көтерілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) ресми сайттарында жеке және жұптық рейтингті жаңартты. Осылайша, жекелей сында үздік қазақстандық теннисші Елена Рыбакина төртінші орыннан үшінші орынға көтерілді. Бұл - оның рекордты нәтижесі.

Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева әлемдік классификацияда 51-ші орынға шықты.

Рейтингтің көшбасшысы Польша өкілі Ига Швентек болды, ал екінші орынды Арина Соболенко сақтап қалды.

Екі разрядтағы үздік қазақстандық теннисші Анна Данилина 25-орыннан 24-орынға көтерілді.