Bugin

Төтенше жағдай: Абай облысындағы өрт Жетісу облысына жетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті орман өрті жел бағытының өзгеруіне байланысты Жетісу облысына жеткенін өңірді түтін басуына байланысты тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары! Абай облысының аумағындағы ірі орман өртінің салдарынан жел бағытының өзгеруі нәтижесінде Жетісу облысының бірнеше аудандарының аумағы қалың түтінмен жабылды. Осыған байланысты сабырлы болуларыңызды және маска киюлеріңізді сұраймыз» - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаменті тыныс алу органдарының ауруы бар адамдарға және қарт адамдарға үйден шықпауға кеңес берді.

Семей орманындағы алапат өртке байланысты бүгін елімізде жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.