Bugin
Президент Тоқаев Аружан Саинды Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатты. Бұл туралы Bugin.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды" делінген хабарламада.
Мемлекет басшысының өкімімен Динара Болатқызы Зәкиева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды.