Bugin

Эколог: "Тәжірибесіз адамды Тоқаев мырза қалай тағайындаған?!"

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Эколог Лаура Мәлікова әлеуметтік желіде Семей орманындағы өртке қатысты жанайқайын білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Мына қайғылы жағдайды естіп, билікке ашулымын. Былтыр Қостанай облысында өрт болған кезде біз бұларға дайын шешімдердің бәрін жазып бердік. Ауыздарына шайнап бердік десек те болады. Соны жасамаған. Жақында қауіпсіздік кеңесіне 30 бетке жуық хат жаздық. Соның ішінде не істеу керек, қалай істеу керегінің бәрін жаздық. Бірақ қол қусырып отыр. Қаңтар оқиғасынан кейін не болғанын көріп отырмыз ғой. Экологтардың бәріне репрессия жасап, соттап, орындарына түк білмейтіндерді қойған.

Біз Тоқаевқа 2019 жылдан бері айтып келеміз: экология деген еріккеннің ермегі емес, бұл өте күрделі сала. Оның ішінде қордаланып қалған мәселелер шаш етектен деп. Оны Жапонияда қаңғып жүрген, Қазақстанда жұмыс істемеген адам білмейді! Кітапта жазылған мен өмірдегі екі бөлек! Тәжірибесі жоқ адамды Тоқаев мырза қалай тағайындайды?!», - дейді ол.

Эколог былтыр орман өртінің алдын алуға байланысты әдістер мен технологиялар туралы жазғанын айтады.

«Мен мынадай билікті мойындамаймын! 14 адам өліп отыр. Президенттің миына жету үшін, істеп жатқан істерінің дұрыс емес екенін түсінуі үшін қанша адам өлуі керек сонда?! Біз былтырғы жылы осы жағдай жайлы жаздық қой. Орман өртінің алдын алудың өзінің технологиялары бар. Оның локолизациясының, әдістерінің бәрін жаздық. Осы жылы климат өзгеріп жатыр деп айтып жатыр. Температура аномалды болды осы жылы. Соны алдын ала бақылап, дайындық жасауға болатын еді ғой!», - дейді Лаура Мәлікова.