Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comПавлодар облысында жол апатынан екі жолаушы қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
13 маусымда Шарбақты ауданының Галкино-Жаңаауыл аудандық автожолында ВАЗ-21703 автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, аударылды.
Салдарынан 2004 жылы туған жолаушы алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды, 1987 жылы туған жолаушы ауруханада қайтыс болды. Түрлі жарақаттары бар тағы екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.
ҚР қылмыстық кодексі 345-1-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалып жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61