Bugin
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге қатысты іс қозғау жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
"Президент Бас прокурорға тапсырма берді, соның аясында тексеру жүргізілетін болады. Өрт фактісі – бұл төтенше жағдай, қаза тапқан адамдар бар, сондықтан қылмыстық іс аясында тексеру болады. Неліктен уақытылы шара қолданбады, мүмкін немқұрайлылық, қызметтік міндеттерін орындамау да бар шығар", - деді министр Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.
Сонымен бірге М. Ахметжанов өрт себебі ретінде қандай нұсқалар қаралатынын айтты.
"Тергеу жүріп жатыр, әдейі өртеу нұсқасы бар. Іс арнайы прокурорлардың жүргізуіне қабылданды. Осы топта ІІМ қызметкерлері де бар, енді тергеуді көрейік. Қасақана өртеу, немқұрайлылық, найзағай түсу нұсқалары да бар. Сараптамалар мен іздестіру шаралары жүргізіледі. Тергеуге 2 ай уақыт берілді", - деді спикер.