Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]БҚО-да жылқы мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгін таңертең 05:20 шамасында Казталов аудандық полиция бөлімшесіне Казталовка-Жәнібек автожолының 18 шақырымында жол апаты болғаны туралы хабарлама түсті. Lada-2110 автокөлігінің жүргізушісі жылқымен соқтығысқан.
Cалдарынан 30 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.
ҚР қылмыстық кодексі 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
"Полиция қызметкерлері жылқының иесін анықтап, тапты. Ол Казталов ауданына қарасты Бірік ауылының 35 жастағы тұрғыны. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 408-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды" делінген хабарламада.
Бұдан басқа, қазір жылқы иесіне қатысты шешім қабылдау бойынша ветеринариялық инспекцияға жіберу үшін ҚР ӘҚБтК 406-бабы бойынша материал жиналақталады.