Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАлматы облысы Қарақыстақ ауылында 40 жастағы мүгедек азаматтың мәйіті табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.
Марқұмның туыстары оны жылдар бойы жанында жүріп жақынына айналып кеткен 18 жастағы азамат өлтірді деген ойда.
«Бір рет 2 мың теңге, екінші рет 3 мың теңге сұрады, бердім» деп жүрген. Інісіндей көріп, сеніп жүрген қасындағы адам өлтіріп кетіпті», – деді марқұмның жары Алтынгүл Пияшы.
Анасы баласын өлтірген қылмыскерді міндетті түрде жазалауын сұрайды.
«Кемтар баламды 40 жасында өлтіріп кетті. Ақшаны бер, өлтірмеймін десе, сол ақшаны мен-ақ берер едім ғой. Баламды өлтіргенше, мені неге алмады?! Қылмыскерлерді ұстап жазаласын. Менің айтарым осы», – деді марқұмның анасы Күлия Жақыпбек.
Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды.
«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді. Жедел іздестіру барысында полиция қызметкерлері ізін суытпай 2004 жылғы күдіктіні анықтап, ұстады. Қазіргі таңда сот медициналық сараптама тағайындау арқылы барлық қажетті тергеу амалы жүргізілуде», – деді ПД баспасөз хатшысы Ернар Сайділдин.
Ұсталған адам Жамбыл аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61