Bugin

Семейде өрт басталғанда экс-министрдің қайда болғаны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі экс-министр Юрий Ильиннің Семей орманындағы өрт басталған күндері қайда болғаны жайлы мәлімет жариялады. Бұл туралы Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Әлеуметтік желілердегі видеода Төтенше жағдайлар экс-министрі Юрий Ильин Абай облысындағы орман өрті кезде Дубайда жүрген болуы мүмкін екені айтылған. Ол шындыққа жанаспайды. Өйткені экс-министр 8-9 маусым күндері Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған болатын», - деп жазылған ресми мәліметте.

Бұған дейін Bugin.kz порталы Семейдегі өрттің шығуына жауапты басшыларға қандай жаза берілуі мүмкін екенін жазған едік. 

Ведомствоның баспасөз қызметі осы мәліметтің дәлелі ретінде аталмыш сапарға қатысты министрліктің ресми сайтында жарық көрген ақпараттардың сілтемелерін ұсынған.

Ол сілтемелерден Юрий Ильиннің 8-9 маусым күндері Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен баратыны алдын ала хабарланғанын, аталмыш күндері қандай нысандарды аралап, қандай ұжымдармен кездескенін көруге болады.

«Айта кетейік, Ю.Ильин Абай облысындағы өртке байланысты СҚО-ға жұмыс сапарын тоқтатып, ТЖМ-нің Дағдарыс жағдайларында басқару орталығындағы штабқа өзі жетекшілік етті» делінген министрлік хабарламасында.