Bugin
10 маусымда жоғалып кеткен Абай облысы Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны жүрек ауруынан қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
"Ер адамның зорлық-зомбылықтан қайтыс болмаған. Сондай-ақ алғашқы тексеру кезінде өрттен қаза болғанын көрсететін белгілер табылған жоқ. Жүргізілген сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес ер адамның өлімі жүрек ауруынан, яғни кардиомиопатиядан болғаны анықталды" делінген хабарламада.
Бұған дейін Семей орманындағы өрт кезінде жоғалып кеткен Сергей Архиповтың мәйіті табылғаны хабарланған.