Bugin
Ақтөбе облысында Елек өзеніне барған 15 жастағы бала суға кетіп қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Құтқару қызметіне сағат 18-55-те хабарлама түскен. Мектеп оқушысының денесін сүңгуірлер 3 метр тереңдіктен алып шықты. Жағадан 50 метр қашықтықтан тапқан.
Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментіндегілердің айтуынша, бала суға түсуге рұқсат етілмеген жерде шомылған.
Жыл басынан бері Ақтөбе облысы аумағындағы өзен-көлдерде 8 адам суға кетіп қайтыс болды.Оның арасында бесеуі - бала.
Ақтөбеде судағы демалыс орындары жұмысын 1 маусымда бастады. 67 нысанның 44-і - коммуналдық.
Бұған дейін Бурабайда суретке түспек болған әйел таудан құлап мерт болғанын жазған едік.