Bugin

Архипов Абай облысындағы өрттен қаза болғандар тізіміне ене ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Абай облысында қайтыс болған Сергей Архипов Семей орманындағы өрттен қаза болғандардың тізіміне енгізілмейді. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Сергей Архиповтың денесі мен тракторы өрт болған аумақтан басқа жерде табылды. Ол өрт салдарынан қаза болмаған», - деді Ж. Өмірәлиев бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұл тұрғыда ол С. Архипов өрт кезінде мерт болған 14 адамның санатына кірмегенін айтты.

«Мемлекет басшысы зардап шеккендерге жан-жақты көмектесу тапсырмасын берді. Сондықтан бұл бағыттағы көмек көрсетуді облыстық әкімдік, кәсіпкерлер қарастырады», - деді Жандос Өмірәлиев.

Бұған дейін Семей орманындағы өрт кезінде жоғалып кеткен Архиповтің денесі табылғанын хабарланған.

Бүгін Абай облысында жоғалып кеткен тағы бір адам қайтыс болғаны белгілі болды.