Bugin
Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Серік Күдебаевтің Қырғызстанға қалай өтіп кеткенін айтты. Бұл туралы Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Ол шекарамыздан тыс жерден Қырғыз мемлекетіне өтіп кеткен. Шекараға жеткізген көлік жүргізушісіне де оның мұндай әрекетке баратыны белгілі болған. Сол себепті өзі де жауапкершілікке тартылып жатыр. Ол (Күдебаев) шекараның өткізу пунктінен өтпеген. Кеген ауданында шекара темір торының астын көтеру арқылы өтіп кеткен», - деді ол Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның атап өтуінше, осы жайтқа байланысты Серік Күдебаевтың үстінен мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін қосымша қылмыстық іс қозғалған.
Бұған дейін Талдықорған сотының үкімімен Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылғаны хабарланған.