ДАМУ

Диетасыз әрі тез арықтауға көмектесетін 6 қадам

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көптеген адам арықтауды жиі ауыр диеталармен байланыстырады. Дегенмен, кез келген адам қатаң шектеулерсіз және диеталарсыз салмақ жоғалта алады. Бүгін біз диетаның қатаң жоспарынсыз салмақ жоғалтуға көмектесетін, сондай-ақ тамақтану мен өмір салтына дұрыс көзқарасты қалыптастыратын бірнеше маңызды жолды қарастырамыз.

Калорияларды бақылау

Кез келген арықтау процесінің негізі - калория тапшылығын туындату. Бұл үшін қатаң шектеулерді ұстанудың қажеті жоқ, бірақ тамақтан алатын калория мөлшерін білу маңызды. Мұны істеу үшін сіз тамақтануды бақылайтын арнайы қолданбаларды пайдалана аласыз немесе тамақтың құрамына мұқият болсаңыз жеткілікті.

Дене белсенділігін арттыру

Диетасыз салмақ жоғалту үшін физикалық белсенділік маңызды рөл атқарады. Күнделікті өміріңізге көбірек қозғалыс қосуға тырысыңыз. Бұл күндізгі серуен, фитнес клубы немесе лифтің орнына баспалдақпен жүру болуы мүмкін. Тұрақты жаттығулар сізге калорияларды азайтуға және жалпы денсаулықты жақсартуға көмектеседі.

Тамақтану әдеттеріңізді қайта қарастырыңыз

Қатаң диетаны ұстанудың орнына, тамақтану әдеттеріңізді қайта қарастырып көріңіз. Көкөністер, жемістер, жаңғақтар, дәндер және ақуыздар сияқты қоректік заттарға бай тағамдарды тұтынуға назар аударыңыз. Артық қанттан, өңделген тағамдардан және майлы тағамдардан аулақ болыңыз. Табиғи және пайдалы өнімдерді таңдаңыз, олар сізге өзіңізді тоқ сезінуге көмектеседі.

Диетасыз салмақ жоғалтудың алғашқы қадамының бірі - не жеп жатқаныңызды білу. Азық-түлік күнделігін(күнде не жегеніңізді жазу) жүргізу әдеттеріңізді көруге және қай жерде өзгерістер енгізуге болатынын білуге көмектеседі. 

Тамақ мөлшерін басқару

Кейбір тағамдарды толығымен алып тастаудың орнына, өзіңізге олардан ләззат алуға мүмкіндік беріңігеніңізбен қалыпты мөлшерден асырмаңыз. Тамақ мөлшеріне мән беру - диетасыз салмақ жоғалтудың негізгі аспектісі. Жейтін тағам мөлшерін бірте-бірте азайту сіздің денеңізге жаңа тамақтану әдеттеріне үйренуіне көмектеседі және сіз бірте-бірте салмақ жоғалтасыз.

Суды жеткілікті мөлшерде ішіңіз

Су жалпы денсаулық үшін ғана емес, сонымен қатар салмақ жоғалту процесінің негізгі элементі ретінде маңызды. Суды жеткілікті мөлшерде ішу аштықты азайтуға, метаболизмді жақсартуға және токсиндерден арылуға көмектеседі. Сондай-ақ, тамаққа тәбетті азайту үшін тамақ алдында бір кесе су ішуге болады.

Ұйқы және күйзеліс

Ұйқының аздығы және күйзеліс салмақтың артуына ықпал етеді. Әр түнде жеткілікті сапалы ұйықтауға тырысыңыз. Бұл әдетте ересектер үшін 7-8 сағат. Сондай-ақ күйзелісті басқаруға назар аударыңыз. Медитация, йога, кітап оқу немесе хобби сияқты күйзелісті жеңу және оны болдырмау жолдарын іздеңіз.

Егер сіз жоғарыда аталған кеңестерге құлақ түріп, өмір салтыңызға өзгерістер енгізсеңіз, диетасыз арықтауға болады. Калорияны бақылау, физикалық белсенділік, дұрыс тамақтану әдеттері қалаған нәтижеге қол жеткізуге көмектеседі. Бастысы - шыдамды болыңыз және арықтау үдерісінен ләззат алыңыз.