БІЛІМ

Есте сақтау қабілетін қалай арттыруға болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Адамның жасы ұлғайған айын кейбір қасиеттерден айырылуы мүмкін. Соның бірі ұмытшақтық немесе есте сақтау қабілетінің нашарлауы. 

Қазіргі кезде егде жастағы емес, жастардың арасында да есте сақтау қабілеті төмендегенін байқауға болады. Оқушылар мен студенттерге бұл қасиет керек. Себебі, мектеп бітіргелі жатқан оқушылар ҰБТ тапсырады. 

Осыған орай, Bugin.kz порталы есте сақтауды арттыратын бірнеше жаттығу түрін ұсынады.

– Базарға немесе дүкенге барғанда алатын заттар тізімін қағаз жазудың орнына, жадыңызға сақтаңыз. Болашақта пайдасы тиеді.

– Фильм көрген соң кадрларды бастан аяқ ой тізбегінен өткізіңіз. Жаттығуға 20 секунд кетеді.

– Әдеби шығарма оқуды әдетке айналдырыңыз. Аптасына 1 кітап, 1 жылда - 52 кітап, 10 жылда 520 кітап оқыған боласыз.

– Егер сіз оңақай болсаңыз, тісіңізді сол қолмен жуыңыз, ал егер солақай болсаңыз, оң қолмен жуыңыз. Сонда сіздің миыңыздың екінші жартысы дағдыланып, есте сақтау мен ойлау қабілетіңіз жақсара түседі.

– Есте сақтау қабілетінің артуына түрлі тағамдар да әсер етеді. Тағамның құрамында жер жаңғағы, бал, теңіз орамжапырағы болса денсаулыққа падасы мол. Ал өзін жақсы сезінген адамның көңіл күйі де, ойлауы да жақсарады.

ҰБТ тапсырушы оқушы тек есте сақтау қабілетін жақсартып қана жоғары бал алады десек қателескеніміз. Дұрыс бағыт таңдап, емтиханға тыңғылықты дайындалу үлкен жетістікке жетелейтінін ұмытпаңыз.

Айта кетейік, Bugin.kz порталы ҰБТ тапсыратын оқушыға психологиялық көмек керек екені туралы сұхбат жариялаған едік.