Саясат

Ресей әскері бейбіт халық орналасқан тұрғын үйге шабуыл жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бір жылдан асқан Украина-Ресей соғысы әлі тоқтайтын түрі жоқ. Бірнеше ай қарымта қайтаруға дайындалған украиналықтар енді ғана Ресейге қарсы шабуыл жасауды бастады.

Ал күні кеше Зеленскийдің туған қаласындағы тұрғын үйлердің біріне басқыншы ресейліктер зымыран атқылады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ресей - бейбіт халыққа оқ жаудырып жатқан террористік мемлекет. Бүгін түнде Днепропетровск облысына қарасты Кривой Рогтағы тұрғын үйге шабуыл жасалды. Бұл туралы украиналық БАҚ жазды. 
Олардың сөзінше, әскери қылмыс жасаған ресейліктер қала мен бейбіт украиналықтарға тасталған әрбір зымыран үшін жауапқа тартылуы тиіс.

Айта кетейік, Кривой Рог Зеленскийдің туған қаласы.

Шенеуніктердің айтуынша, жарылыстардан кемі 11 адам қаза тауып, 28 адам жарақат алған.
Одан әрі оңтүстікке қарай, Белозеркадағы шіркеулердің бірінде діни қызметкер оққа ұшқан.

Зымырандармен атқылау Киевтің қарсы шабуылды бастағаннан кейін болды. Украинаның Қорғаныс министрінің орынбасары жақында 90 шаршы шақырым жерді (35 шаршы миль) жаудан тазартқанын айтады.

Украина жерінде ресейлік генерал-майор Сергей Горячев қаза тапты. Бұл ақпаратты шенеуніктер растамағанымен, Ресей сайттары жариялап жатыр. Горячев зымыран соққысынан мерт болған.

Paranoia.kz мәліметінше, НАТО алдағы күндері Украинаның ұрыс даласында жоғалтқан әскери техникасының орнын толтырып береді әрі қажетті әскери техникаларды жіберетінін мәлімдеген.

Украинаның қарсы шабуылы туралы неміс ақпарат көздері де жазды. Соның бірі BILD басылымы. 

«Украина әскері қарымта шабуыл бастаған сәттен кейін, алғашқы жетістік көріне бастады. Донецк бағытында бірнеше елді-мекен азат етіліп, маңызды биіктіктерді алды. Ал оңтүстік бағыттағы қарымта шабуыл артиллериялық соққы алмасумен жалғасуда. Украина қарсы шабуылға дайындалған 30 бригаданың 5 бригадасын ғана қолдануда. Қалған 25 бригада резервте тұр. Бұл жау шебінің осал тұсын сезген сәтте қолданылуы мүмкін. Харьков облысын азат ету сценарийіне ұқсас» делінген басылым хабарламасында.

Айта кетейік, осыған дейін Украинадағы Кахов су электр станциясының бөгеті жарылғаны туралы және Еуропада қай елдің украиналықтарды қолдағысы келмейтінін жазған едік.