Bugin

Теннисші Жұқаев Пуэрто-Рико турнирінде ширек финалға шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық, әлемнің 256-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Пальмес дель Мар (Пуэрто-Рико) челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 340-ракеткасы, америкалық Эван Чжумен ойнады.

Бірінші партияда брейк жасаған америкалық спортшы басымдылық танытты - 6:4.

Есесіне содан кейін Бейбіт жеңістік бермеді - 7:5, 6:2.

Үш сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты матчта Жұқаев 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді. Қарсыласы 6 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді.

Бейбіт Жұқаев жартылай финалға шығу үшін дүниежүзілік рейтингте 617-сатыдағы канадалық Лиам Драксльмен таласады.

Қазақстандық теннисші қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде 242-орынға көтерілді.

Бұған дейін Геннадий Головкин IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулынан бас тартқанын жазған едік.