Bugin

Жетісу облысында мотоцикл жүргізушісі қағып кеткен бала көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жетісу облысы Ескелді ауданында мотоцикл жүргізушісі 11 жастағы қыз баланы қағып, мерт қылды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға 14 маусымда болған.

Жарақатпен ауруханаға түскен қыз бала аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде есін жимай көз жұмды.

"Жол-көлік оқиғасында 38 жастағы мотоцикл жүргізушісінің өзі де қатты зардап шекті. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды және ерекше бақылауға алынды" делінген хабарламада.

Бұған дейін Ақтөбеде жасөспірім суға батып қаза тапқанын жазған едік.