Өнім

Тараз әкімінің бұрынғы орынбасары Грузияда ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тараз әкімінің бұрынғы орынбасары Грузияда ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Бас прокуратураның ресми ақпаратына сілтеме жасап.

Ол лауазымдық құзыретін асыра пайдаланып, 50 миллион теңгеден аса бюджет қаражатын ысырап қылғаны үшін күдікті деп танылған. Қылмыстық қудалаудан қашқандықтан, әкімнің экс-орынбасарына халықаралық іздеу салынған еді.

"Грузиялық әріпестермен арадағы тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде бүгін Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанған әкелді" делінген хабарламада.

Қәзіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Енді осы қылмыстары үшін оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Бұған дейін Семейдегі өрт оқиғасына қатысты бірқатар шенеуніктен жауап алынатынын жазғанбыз.