Bugin

Павлодар облысында жасөспірім терезеден құлап мерт болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақсуда 15 жастағы жөсөспірім қыз 9-қабаттан құлап мерт болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметі шақырту сағат 22:29-да түскенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, 15 жастағы қыз ауыр жарақат алып, сол жерде көз жұмған.

"Туыстарының айтуынша, қыз бала терезеден сыртқа қарап тұрған кезде абайсызда құлап кеткен. Ол кішкентай балалардың қай жерде ойнап жүргенін бақылаған" делінген хабарламада. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 105 бабы –  "өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61