Өнім

Грекияда 700-ге жуық босқын мінген кеме апатқа ұшырады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Грекияның Пелопоннес түбегінде кеме апатынан 78 адам қаза тапты, 180 адам құтқарылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.

Балық аулауға арналған "Андриана" кемесінің бортында шамамен 500-700 заңсыз босқын болған, олар Ауғанстан, Пәкістан, Сирия және Палестина азаматтары.

Апат сәрсенбіге қараған түні Пилос қаласынан оңтүстік-батысқа қарай халықаралық суларда болған. Ол Ливияның Тобрук қаласынан шығып, Италияға бара жатқан.

Апат болған жерде кеңауқымды құтқару және іздеу жұмыстары жүргізілді. Грекиялық БАҚ мәліметінше, бұл босқындармен болған ең ірі апат екен.