ДАМУ

Азық-түлікке ақша үнемдеудің жолдарын біле жүріңіз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Азық-түлік адам өмірінің басты тұтыну өнімі екені белгілі. 2022 жылдың үшінші тоқсанындағы орташа қазақстандық отбасының азық-түлікке жұмсаған шығыны 411 мың теңгеден асты. Ай сайын есептегенде бір шаруашылық азық-түлікке, ішімдік пен темекіге орта есеппен 137 мың теңге жұмсайды екен.

Қаражатты пайдалы әрі артық шығын кетпейтін азық-түлікке қалай үнемдеуге болады? Арзан деп сапасыз өнімнен қалай сақтанса болады? 

Бір апта тұтынатын рационыңыздың мәзірін дайындап алыңыз

Жоспарланған мәзірдің болуы нақты қандай өнімдердің керек екенін және артық шығынданбауға көмектеседі. Яғни, дүкенге барған кезде тізімді жазылған нәрсені ғана сатып алуға бейімделесіз. Бұл жағдайда мәзірдің құрамына назар аудару керек: мысалы, жартылай фабрикаттардан аулақ болыңыз және пайдалы тағамдарды жиі қолданыңыз. Тамақтану құрамындағы көкөністер мен жемістердің мөлшеріне ерекше назар аудару керек.

Алдын ала тізім жасаңыз

Дүкендер мен супермаркеттерге барған кезде дайын өнімдердің тізімі болуы маңызды. Бұл жағдайда тізім жоспарланған рационға сәйкес келуі керек. Бұл дұрыс тамақтану мәзірінде жоқ тәтті нәрселерді сатып алып қоюдан сақтайды. Көтерме саудаға бағытталған ірі супермаркеттер мен базарларда сатып алғаныңыз дұрысырақ. Әдеттегі азық-түлік шығындарынан 20-30% дейін ақшаны үнемдейді.

Тауарды мұқият таңдап алыңыз

  1. Сапасы мен жарамдылық мерзімі – тауар дұрыс сақталмағандықтан мерзімі өтіп кетуі немесе бүлінуі мүмкін. Абайсызда алынған, сақтау мерзімі өткен өнім алу артық шығындарға алып келеді.
  2. Балама таңдау – «Алтын аймақ» деп аталатын көз деңгейінде дүкен бірінші сатқысы келетін өнімдерді қояды. Олар әдетте жарамдылық мерзімі өтуге жақын немесе қымбатырақ өнім болуы мүмкін. Бірақ осы аймақтан тыс сөрелерде ұқсас өнімдерді қол жетімді бағамен және балғынын табуға болады.
  3. Пайдасыз өнім алмау – картоп қытырлақтары, газды сусындар, шоколадты өнімдер, алкоголь, темекі сынды тек әрі қымбат әрі зиян келтіретін тауарларды алу көп шығынға әкеледі.

 

«Бос тоңазытқыш» әдісін пайдаланыңыз

«Бос тоңазытқыш» – бұл азық-түлік сатып алу кезінде үнемдеу және бюджетті ұтымды пайдалану тәсілі. Бұл әдістің идеясы – тоңазытқышта жеуге болатын тағам болған кезде дүкенге бармау. Өйткені, тоңазытқышта әлі де көптеген басқа тағамдар сақталса да, біз азық-түлік сатып ала береміз. Нәтижесінде, алдыңғы тауарлар жай бұзылып, лақтырылады. Бұл оларды сатып алу үшін ақшаның босқа кеткенін білдіреді.

Сатып алған өнімдеріңізге шолу жасап отыру

Тағы да «тоңазытқыш» әдісін қолданып көріңіз. Яғни, қазіргі уақытта тоңазытқышта, шкафта қандай өнімдер сақталатынын жақсылап есіңізге түсіріп, сол тоңазытқыштағы, шкафтағы тауарлардан тізім жасап шығыңыз. Кейін сол жерлерді тексеріп, есіңізге түсіріп жасаған тізіміңізбен салыстырыңыз. Егер сіздің тізіміңізде қандай да бір өнімдер болмаса, бірақ олар тоңазытқышта, шкафта болса, онда оларға қажеттілік болмауы мүмкін. Мұндай техниканы ескі тауарлардан құтылу үшін, қажет болмаған тауарларға шығындалмауға көмектеседі. Немесе қолда бар нәрсені сатып алмау үшін супермаркетке барар алдында қайта қарап шыққаныңыз жөн.

«Сырттан» тамақтануды шектеңіз

Үнемдеу процесінде барлық қосымша шығындарды оңтайландыру маңызды. Оларға кафелерге, мейрамханаларға, кофеханаларға және т.б. бару кіреді. Сондықтан жұмысқа үй тағамдарын өзіңізбен алуға  тырысыңыз. Бұл сапалы, пайдалы әрі арзан болады. Егер алдын-ала дайындау мүмкін болмаса, онда сіз тамақтану орындарында әртүрлі акцияларды, жеңілдік сертификаттарын, купондарды және т.б. пайдалана аласыз. Есіңізде болсын, азық-түлік шығындарының төмендеуі рацион сапасының нашарлауын білдірмейді. Керісінше, зиянды тағамдар/фаст-фудтардан бас тарту пайдалы және артық шығынсыз тамақтануға кепілдік береді. Сондай-ақ, ақшаны сауатты жұмсауға арналған негізгі кеңестердің бірі – жеке немесе отбасылық бюджетті жүргізу. Барлық шығындарыңыз бен кірістеріңізді жазыңыз. Апта сайын шығындарыңызға талдау жасаңыз.

Жоғарыда аталған әдістерді қолдана отырып, уақыт өте келе сіз ақшаны қаншалықты аз жұмсай бастағаныңызды және азық-түлік сатып алуға қанша ақша үнемдегеніңізді анықтай аласыз.