ДАМУ
Ұлы Отан соғысына миллиондаған кеңстік қатысты. Оның ішінде қазақтың ержүрек ұлдары да болды. Соғыста жауынгер болып, кейін белгілі жазушыға айналған - Әзілхан Нұршайықов.
Бауыржан Омарұлының «Төртінші билік» кітабында Әзілхан Нұршайықовтың соғыста өлімнен қорықпағаны туралы жазылған.
«Алла Тағала оған үнемі оққағарын ілестірді де отырды.
Бірде Баймолда Қанапиянов деген зеңбірек көздеушісін танк тасасынан қарауылға алған жау снайпері сұлатып түсіреді. Сол кезде оқ кейіпкеріміздің маңдайынан сызып өтіп, көздеушінің құлақ шекесіне тиеді.
Қатар тұрған майдандасы тіл қатпай кетеді. Ал таяп келген ажал Әзілханға шеңгелін батырмай, тысқары қалдырады.
«Міне, осындай оқиғалар менің соғыста өлмейтініме сендіргендей болды. Бір құдірет алға жетеледі. Күйреуіктік сезім атымен болған жоқ. Күнделігімді жаза бердім», - дейді Әзағаң ағынан жарылып» деп жазған автор.
Айта кетейік, Әзілхан Нұршайықов «Махаббат, қызық мол жылдар» шығармасының авторы.