Bugin
Маңғыстау, Түркістан облыстары мен Алматы қаласының із-түзсіз жоғалып кеткен тұрғындары өлі денесі табылды.
Бұл туралы LIDER.KZ еріктілер тобы хабарлады.
1956 жылы туған Максим Әділханұлы Ізбасаров 11 маусымда жоғалып кетті. Ер адам Қарақия ауданы, Жетібай кенті, Жаңа құрылыс шағынауданы, 104 мекенжайындағы үйден шығып, кері оралмады. 15 маусымда жоғалған адамның қайтыс болғаны белгілі болды.
1946 жылы туған Әбдікәрімов Амантай 8 маусым күні таңертең Шәуілдір ауылындағы үйден шығып, жоғалып кетті. Жоғалған адамның есте сақтау қабілетінің төмендеуінен зардап шегетіні және бағдар ұстай алмайтыны анықталды.
1989 жылы туған Мұсабеков Рустам осы жылдың 11 наурызында хабар-ошарсыз кетті. Ер адам Медеу ауданы, "Востокка" ТК, 16/24 ғимарат мекенжайындағы үйден кетіп, жоғалып кетті. 13 маусымда жоғалған адамның қайтыс болғаны белгілі болды.