Bugin

Алматы барахолкасында түнде 4 көлік соқтығысқан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы барахолкасында түнде жантүршігерлік көлік апаты болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

Алматы полиция департаменті бұл жол-көлік оқиғасының 15 маусымда сағат 22:00 шамасында болғанын хабарлады.

"Мерседес автокөлігінің жүргізушісі, 2002 жылы туған азамат солтүстік айналма көшесімен келе жатып, қарсы жолаққа шығып, үш көлікпен соқтығысқан. Осы оқиға салдарынан екі адам медициналық көмекке жүгінген", - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Тергеу материалдары жүргізіліп жатыр.