Bugin
Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада
15 маусымда 69 жасқа толған Даниал Ахметов бұл облысты 2014 жылдан бері басқарып келеді. Осы уақыт ішінде ол үш рет – 2017, 2019 және 2022 жылдары әкім қызметіне қайта тағайындалды.
Өткен жылдың маусым айында Елбасы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкілеттігін ұзартқан еді. Экс-әкім сондай-ақ Қазақстанның Премьер-Министрі мен Қорғаныс министрі, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылымдық алқасының мүшесі қызметтерін атқарған.