Bugin
Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.
"Ермек Беделбайұлы Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылсын", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Көшербаев Ермек Беделбайұлы - 1965 жылы 2 мамырда дүниеге келген.
Әр жылдарда Қаз ССР СІМ, ҚР Президент Әкімшілігі, ҚР Үкіметінде, ҚР СІМ, "Нұр Отан" ХДП, "ҚазМұнайГаз" АҚ-да әр түрлі қызметтерді атқарған, "Ертіс" ӘКК" ҰҚ басқарма төрағасы болды. Сондай-ақ, Шығыс-Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметінде болған.
2019 жылғы қаңтардан Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары болды.
2020 жылғы 29 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалған еді.