МӘДЕНИЕТ
Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітов "ҚАШ" дебюттік фильмі үшін ХХV Шанхай халықаралық кинофестивалінде "Үздік режиссер" номинациясын жеңіп алды.
Кинофестиваль бағдарламасына фильмді Айсұлтан Сейітов, "Qara Studios" бас продюсері Еркебұлан Күрішбаев пен сценарий авторы Абылай Нұрманбетов ұсынды. Картина шорт-листке еніп, "Asian New Talent" санаты бойынша үш номинацияға іліккен еді:
Best Film – Aisultan Seitov
Best Director – Aisultan Seitov
Best Script Writer – Ablay Nurmanbetov
"Қаш" 1931-1933 жылдардағы қазақ даласындағы ашаршылық қасіретін екі ағайындының басынан өткен оқиға арқылы баяндайды. Көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, қазақстандық сыншылар тарапынан да бірқатар марапатқа ие болды. Кинокартина алдағы уақытта әлемдік прокатқа жіберіледі.