Bugin
Астанада қарағандылық әйелдің төрт жасар қызын ұрлап алып кеткен ресейлік ұсталды.
Қарағанды полициясына 25 жастағы тұрғыны жүгініп, бұрынғы сүйіктісі төрт жасар қызын көлікпен ұрлап кеткенін айтты. Айтуынша, ол – Ресейдің 34 жастағы азаматы.
Бұл факт ҚК 125-бабының екінші бөлігі "Кәмелетке толмаған адамға қатысты адам ұрлау" бойынша орталық ББ СДТБТ-да тіркелген.
13 маусымда кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Астанадағы oрталық ПБ криминалдық полициясының қызметкерлері ер адамды ұстады.
"Ұрланған қыз анасына берілді. Тергеу амалдары жүргізілуде", – деп хабарлады полиция.