Саясат

Түркістанда Президенттің қатысуымен Ұлттық құрылтай өтіп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістанда Президенттің қатысуымен Ұлттық құрылтай өтіп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Президент жанынан құрылған Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы Түркі халықтарының түпкі төрі Түркістан қаласында өтіп жатыр.

Алқалы жиынға қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ басшылары және сарапшылар қатысып жатыр.

Айта кетейік, кешегі күні Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы аясында жұмыс секцияларының отырысы өткен болатын. Онда «Қоғамдық консолидация», «Мәдениет. Өнер. Руханият», «Білім және ғылым» жұмыс секциясына бөлінген сала мамандары ел ішіндегі мәселелерді көтеріп, шешу жолдарын ұсынды.

Жұмыс секциясы отырыстарының қорытындысы бойынша, Ұлттық құрылтай мүшелерінің ұсынысын мемлекеттік органдармен бірлесіп іске асыру жөніндегі іс-шаралардың арнайы жоспары әзірленетін болады.

Еске салайық, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы былтыр 16 маусымда Ұлытау облысында өткен болатын. Алқалы жиында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы келесі басқосуды киелі Түркістанда өткізуді ұсынған еді.