Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comСолтүстік Қазақстан облысында 5 адам жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
16 маусымда сағат 07: 55-те СҚО Тайынша ауданы Аймақ ауылының маңындағы Көкшетау - Омбы автожолының 53-шақырымында Lexus және ВАЗ-2104 көліктері соқтығысқан.
Алдын ала анықталғандай, Lexus көлігі Көкшетау қаласынан келе жатып қарсы жолға шығып кеткен.
ЖКО салдарынан 7 адам зардап шекті: 5 адам оқиға орнында қайтыс болды, оның ішінде 2 көліктің жүргізушілері бар. Қалған зардап шеккендер медициналық көмек көрсету үшін Көкшетау қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Жүргізушілерден медициналық куәландыру жүргізу үшін қан алынды.
ЖКО фактісі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет "бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61