Өнім
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина саласының қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы мемлекет басшысының Twitter-аккаунтына сілтеме жасап.
"Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып, ел құрметіне бөленіп жүрсіздер. Ұлт саулығы – басты байлығымыз. Мемлекет денсаулық сақтау саласына әрдайым ерекше назар аударып, дәрігерлерге үнемі қолдау көрсетеді", - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-аккаунтында.