Өнім

Атырауда жантүршігерлік жол апатынан бірнеше адам көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атырау облысында тас жолда жол апатынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

17 маусымда Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 10 шақырым тұсында Lada Priora және Toyota Camry автокөліктері соқтығысып, жол апаты болды.

"Апаттан Lada Priora автокөлігі өртеніп, 1992 жылғы көлік жүргізушісі мен 2001 жылғы жолаушысы, сондай-ақ Toyota Camry автокөлігінің 1972 жылғы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. 1971 жылғы Toyota Camry көлік жүргізушісі алған дене жарақаттары салдарынан ауруханада қаза тапқан" делінген хабарламада.

Toyota Camry көлігінің 2 жолаушысы түрлі дене жарақатымен Мақат аудандық ауруханаға жеткізілді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61