Bugin

Астанада қарулы ер адам Kaspi bank бөлімшесінде адамдарды кепілге алды (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Астанада белгісіз ер адам Kaspi банкінің бөлімшесінде адамдарды кепілге алды.

Ақпаратқа сәйкес ол тұтқында 7 қыз бен 1 күзетшіні ұстап отыр. Полиция ер адаммен келіссөз жүргізуге тырысқан. Ал банк орналасқан тұрғын үй кешенінің тұрғындары эвакуацияланды. Сондай-ақ оқиға орнына арнайы жасақ шақырылды. Бұл туралы Polisia.kz ресми мәлімдеме жасады.

«Достық көшесіндегі Каспий банкінің ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге ішінен есікті құлыптап алған туралы хабарлама келіп түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қарулы. Оқиға орнында полиция қызметкерлері, ер адаммен келіссөз жүргізуде. Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарынан сабыр сақтауды сұрайды», - делінген хабарламада.