Bugin
Банкте адамдарды кепілдікке алған қылмыскердің аты-жөні анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kozachkov offside Telegram арнасына сілтеме жасап.
Әскерилер мен полицейлер Kaspi Bank орналасқан аумақты толығымен қоршап тастады.
Журналист Михаил Козочковтың ақпаратына сүйенсек, адамдарды ұстап отырған қылмыскердің есімі А. Мурадов. Ол 1993 жылы туған азамат екен.
Айтуынша, қылмыскер бір қыздың шекесіне қару тақап тұр. Сондай-ақ ол полицейлердің брондалған жилетін киіп алған көрінеді.