Bugin
Қазір банк бөлімшесінде тек банк қызметкерлері ғана бар. Клиенттер жоқ. Құқыққорғау органдары қызметкерлерге сес көрсетіп тұрған ер адаммен келіссөз жүргізуде. Ешкімнің зардап шекпеуін қамтамасыз ету үшін полицейлер бар күшін салуда. Осы оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат таратуда жауапкершілік танытып, құқыққорғау органдары қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтірмеулеріңізді сұраймыз. Әрбір жалған ақпарат жағдайдың ушықтырып жіберуі ықтимал, - делінген хабарламада.