ДАМУ

Жазғы демалыста оқуға ұсынатын 3 кітап

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жазғы демалыста қандай кітап оқимын деп ойлап жүрсеңіз, Bugin.kz порталы қызық оқиғаға толы үш кітапты ұсынады.

Сара Джио. “Ежевичная зима” кітабы

Романда ана тақырыбы өте әсерлі жеткізілген. Кітап авторы Сара Джио бұл тақырыптың өзіне өте жақын екенін айтады. Өйткені бұл кітаппен жұмыс өзінің үшінші жүктілігінде өткен. Джио өз кейіпкерлерінің бақытсыздыққа ұшырағанына қарамастан, олардың сезімдерін шынайы сезініп, олардың орнында бола алдым деп мәлімдейді.

Вера Рэй - Сиэтлдегі жалғызбасты ана. Әйел жұмысы мен үйдегі аналық рөлін қатар алып жүруге міндетті. Барлығы 1933 жылдың көктемінен басталды. Кешкісін әдеттегідей Вера ұлын сүйіп, төсекке жатқызды да, жұмысқа кетеді. Сиэтлді таңертең қар басып қалады. Вера үйге оралғанда, кішкентай Даниелдің жоғалып кеткенін біледі. Үй маңында Даниелдің сүйікті ойыншығынан басқа із табылмады. Алайда ана ұлын таба алатынынан үміт үзбейді.

Вера баласын іздеу кезінде қайтыс болды. Соған қарамастан ол ұлының тірі екеніне сенімді болды. Ана өз ұлына қоштасу хаты мен Макстың сүйікті ойыншық аюын балаларының жасырынған жеріне қалдырды.

Бұл оқиға осылай өрбиді. Романның идеясы - ана бақытын түсіндіру. “Бір өкініштісі барлық ана мұндай бақытты шынайы сезіне алмайды”- дейді автор. 

Фото: ашық дереккөз

Фото: ашық дереккөз

Халед Хоссейни “И эхо летит по горам”

1952 жыл  әке, ұлы мен қызы Қабулға барар жолда тауда түнейді. Айдаладағы жұлдызды түн. Әке балаларына қорқынышты әңгіме айтып береді. Бір баланың ұрланғанын, ал бейшара баланың ең сұмдық жағдайға тап болғанын басты кейіпкер ұл Абдолла мен кішкентай қыз Пари тыныстары тарыла тыңдайды. Ал келесі күні олар Қабулға сапарын жалғыстырады. Бірақ бұл күн олардың тағдырларын өзгертеді.

Аға мен қарындастың ажырауы тоғыспайтын оқиғалар тудырады.

Халед Хоссейнидің бұл романы, мөлдір, таза, жан тебірентерлік әрі өзге адам үшін қабылданған жақсы-жаман шешімнің бағасын түсіндіреді. Бұл - істің құдіреті мен өмірдің мақсатының алдамшы екенін, әр іске жазаның  болатынын көрсететін роман.

Фото: ашық дереккөз

Фото: ашық дереккөз

Грег Мортенсон "Три чашки чая"

Бұл - қолында өзінен басқа ештеңесі жоқ адамның әлемді қалай өзгерте алатыны жайлы кітап.

Грег Мотерсон ауыруханада жұмыс істейді, ол көлікте түнейді және өз заттарын қоймада сақтайды. Қайтыс болған әпкесін жиі есіне алып, бір шешім қабылдайды. Оныің мақсаты ең қиын К2 тауын бағындырып, 8611 метр биіктікте қалу болатын. Алайда осы әрекет оның өмірін қияр еді. Бірақ жергілікті тұрғындардың көмегімен Грег аман қалады. Өркениеттен айырылған Пәкістанның қарапайым ауылында өткізген күндер Грегті қатты таңқалдырады. Сондықтан ол ақша жинап, ауыл балаларына мектеп салу үшін Пәкістанға оралады. Кітап оқиғасы осылай өрбиді.

Бүгінде Мортенсон Пәкістан мен Ауғанстанның ең кедей ауылдарында 145 мектеп пен әйелдер мен денсаулық орталықтарын салған. Әрі әлемдегі ең табысты қайрымдылық ұйымдарын басқарады.

Кітап тақырыбы туралы автор: "Алғаш рет Балти тауларымен шай ішкенде, сіз бөтен адамсыз. Екінші рет құрметті қонақ боласыз. Үшінші кесе шай сіздің бұл отбасының бір бөлігі екеніңізді және отбасы үшін олар бәріне дайын екенін білдіреді. Тіпті, өледі". – дейді.

Фото: ашық дереккөз

Фото: ашық дереккөз

Сағыныш Нұрахметова